$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2021, 10:43
Саясат

Путин ауған босқындарын Орталық Азия елдеріне уақытша орналастыруға қарсы

РФ президенті бұл мәселе жөнінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммитінде талқыланатынын айтты

Путин ауған босқындарын Орталық Азия елдеріне уақытша орналастыруға қарсы
фото: tass.ru

РФ президенті Владимир Путин Ауғанстаннан қашқан босқындарды АҚШ пен Еуропа визасын алғанға дейін Орталық Азия елдеріне орналастыра тұру жөніндегі Батыстың ұсынысына қарсы екенін айтты.

«90-жылдар мен 2000-жылдардың басындағы жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз», - деді Путин «Единая Россия» партиясы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде.

РФ президенті бұл мәселе жөнінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммитінде талқыланатынын айтып, Ресей билігінің Орталық Азия елдерімен тығыз байланыста екенін жеткізді.

«Бұл елдер біздің жақын серіктесіміз, одақтасымыз. Бұл елдермен ортақ шекарамыз бар, визалық шектеу жоқ. Ойлап қараңызшы, босқындар осы елдердің кез келгеніне кірсе, оның қайсы босқын, қайсы кім екенін қайдан білеміз? Олар мыңдаған, тіпті миллиондаған адам болуы мүмкін. Ал, біздің бұл одақтас елдермен арада визалық шектеу жоқ. Шекара болғанда қандай? Мың шақырым. Кез келген нәрсеге, тіпті есекке мін де даламен кете бер. Мұны не істейміз?», - деп жүгінді Путин.

Еске салайық, 21 тамызда Мәскеуге жұмыс сапарымен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында РФ президенті дүйсенбі күні (23 тамыз) Ауғанстандағы жағдай бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында бейнеконференция режимінде жиналып, пікір алмасамыз деген ұсыныс айтты.

Серіктес жаңалықтары