Президент академик Асқар Жұмаділдаевты қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде қазақ тілін дамыту және латын әліпбиіне көшу жөнінде ұсыныстар айтылды

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі білім мен ғылымның дамуына, қоғамдағы соңғы уақыттарда болып жатқан өзгерістер мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар қазақ тілін дамыту және латын әліпбиіне көшу жөнінде ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.