Қазақстанда туған Сәуле Омарова АҚШ-та лауазымды қызметке сайлануы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Сәуле Омарова қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген

Сәуле Омарова, фото: nytimes.com

АҚШ-та Демократиялық партияның жұмысы банктің бас реттеушісі лауазымына жаңа үміткерді таңдаудан басталды. Байденнің әкімшілігі кандидаттардың бірі ретінде Қазақстанда дүниеге келген Сәуле Омарованы қарастырып жатыр. Бұл туралы New York Times баспасы хабарлады.

Басылымның жазуынша, егер кандидат Сәуле Омарова валюталық бақылау бөлімінің басшысы лауазымына ұсынылса және Сенаттың қолдауына ие болса, Wall Street-тің ірі банктері онымен жақсы байланыс орнатуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір АҚШ президенті Джо Байденнің көмекшілері Омарова ханымды тексеруде және бұл процесс енді ғана басталғаны белгілі болды. Осылайша, ол алдағы айдың бірінде немесе келесі жылдың басында ұсынылуы мүмкін. Содан кейін ол үміткер ретінде Сенаттың қаралуына жіберіледі. Бұл мәселе бойынша Ақ үйдің баспасөз қызметі әзірге түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Оқи отырыңыз: АҚШ президенті әкімшілігінде істейтін қазақ қызының қызметі жоғарылады

Айта кететін жайт, Сәуле Омарова АҚШ-тағы Корнелл университетінің заң факультетіндегі банк құқығы профессоры атағын иемденген.