ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Орталық Азия елдерінің басшылары бейресми кездесті

Су жағасында болған кездесудің фотосы әлеуметтік желіде жарияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерімен болған бьейресми кездесуінің фотосуреттері жарияланды.

Бүгін мемлекет басшылары Түркіменстанда жиналған болатын. Олардың бейресми кездесуі су жағасында өткен. Осы шараның фотосуреттерін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісінде жариялады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.