Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуі өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.
Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.
Еске салайық, 29 маусымда екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуін Түрікменстанда өткізу жөніндегі Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұсынысын қолдады.