Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомаарт Тоқаев бірқатар елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.