Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақтан шыққан жоқ

astana.gov.kz

Қазақстандағы 17 өңірдің 16-сы «қызыл» аймақта тұр деп хабарлайды Коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссия.

26 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанның келесі өңірлері «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақтан шыққан жоқ.