Тұрғындар өңірдегі 14 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр
Маңғыстау облысында жергілікті уақытпен 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 36,6%-ы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Маңғыстау облысында ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлауға 14 сайлау учаскесі ашылған. Сайлау науқанына өңір бойынша барлығы 14 144 сайлаушы енгізілді. Сайлаушылардың ең көп саны Ақшұқыр ауылында – 6 877, ең азы Бейнеу ауданының Сам ауылдық округінде – 403.
«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:00-де сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 36,6%-ы алды. Оның ішінде:
Цифрлардан көріп отырғанымыздай, ең төмен нәтижені Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы – 22%, Қарақия ауданы бойынша ең жоғары нәтижені Құланды ауылдық округі – 66,9% көрсетті», – деді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов.