Ауыл әкімін сайлау: Тоқаев сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді

көрнекі фото: akorda.kz

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретінін айтты.

«25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», - деп жазды Тоқаев.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына жолдауын, сондай-ақ ҚР Президентiнiң 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII шақырылымдағы Парламенттiң бiрiншi сессиясында айтылған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлауды ендiру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асқан еді.