$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 14:15
Саясат

Трампқа импичмент жарияланды. Әрі қарай не болады?

АҚШ Президентінің тағдыры 2020 жылы қаңтарда шешіледі 

Трампқа импичмент жарияланды. Әрі қарай не болады?
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін АҚШ өкілдер Палатасы бірауыздан Президент Дональд Трамптың импичментіне дауыс берді. Енді Трамптың тағдыры бір айдан соң толық шешіледі. Себебі сол кезде Сенат импичменті қолдау-қолдамау туралы шешім шығарады. Егер олар Америка лидеріне тағылып отырған «жемқорлық пен Украина билігін Джо Байденге қатысты тергеу жүргізуге мәжбүрледі» деген айыптармен келіссе, Трамптың тақтан таюы ғажап емес. Бірақ импичмент оның келер жылы екінші рет сайлауға түсуіне кедергі келтірмейді.

«ИМПИЧМЕНТ» ДЕГЕН НЕ?

АҚШ-тың Конституциясы бойынша Конгрестің президентті тақтан тайдыруға құқы бар. Яғни, мемлекет басшысының сатқындық, жемқорлық немесе тағы басқа қылмыстары дәлелденсе қызметтен кетіреді. Осы процесс «импичмент» деп аталады.

Америка тарихында импичмент үш рет жарияланған. 1868 жылы Конгресс Эндрю Джонсонды, 1998 жылы Билл Клинтонды биліктен кетіруге әрекет жасады. Бірақ екеуі де орындарын президенттік мерзімдері біткенге дейін сақтап қалды. Ал 1974 жылы Ричард Диксон импичмент жарияланған соң соңғы шешімді күтпей-ақ орнын босатқан.

ТРАПМТЫ КІМ ҚОЛДАДЫ? КІМ ҚҰТЫЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ?

Дональд Трапмтың өзі республикалық партияның өкілі. Сондықтан конгресстегі 197 республикашылдың бірде-біреуі оның импичментін қолдап дауыс берген жоқ. Дүйсенбі күні партия лидері Кевин Маккарти өз партияласын қолдайтытын да айтқан еді. Бірақ өкілдер палатасында демократттар саны 233, яғни республикашылардан көп. Олардың 231-і Трампқа қарсы дауыс берді. Тек екеуі – Джефф Ван Дрю мен Коллин Питерсон Трамп импичментін қолдамайтындарын ашық айтты. Бірақ осы мәлімдеменің артынан Ван Дрюдің жұмыстан кететіні мәлім болды. Жалпы, конгресте айқын басымдыққа ие демократтар АҚШ Президентінің импичментіне дауыс беру сарбаздарды әскерге жіберуге дауыс беру сияқты «ардың ісі» деп есептейді.

ТРАМПТЫҢ КІНӘСІ НЕ?

Конгресстің заң комитеті Трампқа қызметін асыра пайдаланды және конгресс жұмысына кедергі келтірді деген екі айып таққан. Оған Президенттің 25 шілдеде Украина басшысы Владимир Зеленскийге жасаған телефон қоңырауы себеп болды. Конгресттің сендіруінше, Трамп әңгіме барысында Зеленскийден бұрынғы АҚШ вице-президенті Джо Байденге қарсы тергеу жүргізуді талап еткен. Өйткені, Джо Байденнің ұлы Хантер Байден 2014-2019 жылдар аралығында украиналық Burisma мұнай-газ компаниясының директорлар кеңесі құрамында болды. Міне, Трамп «кіші» Байденнің сол компаниядағы жемқорлық әрекеттерге қатысы бар деп есептейді.

Оқи отырыңыз: АҚШ Конгресі Трамп импичментінің басталғаны туралы резолюция қабылдады

Джо Байденнің өзі бұл уақытта АҚШ администрациясында Украина ісі бойынша уәкіл қызметін атқарды. Конгресстегі Трамп қолдаушылары болса оны осы қызметте жүріп, ұлына қатысты тергеу жүргізбек болған Украина құқық қорғау органдары басшыларын жұмыстан кетіруге себеп болды деп айыптап отыр.

Демократтар осылайша, Трампқа елдегі сайлауға бөтен мемлекетті араластырып жатыр деген айып тағуда. Себебі 2020 жылғы сайлауда Джо Байден беделді үміткер ретінде Трамптың белді қарсыластарының бірі болмақ. 

Ақ үй қожайынына конгресс жұмысына бөгет болды деген де айып тағылды. Себебі ол Президент әкімшілігіндегі шенділерге депутаттар сауалына жауап беруге және импичментке қатысты комитеттер отырысында сөз сөйлеуге тыйым салды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары