Жыртқыш аңның өлексесі орталық саябақтан табылған еді
Қарағанды полицейлері орталық саябақтан табылған арыстан өлексесін кімнің көміп кеткенін анықтады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 25 маусымда қаланың Орталық саябағында арыстанның өлексесі табылған болатын.
«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер жыртқыш аңның иесін анықтады, ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, арыстан 1 жаста болған және ол асқазан ауруынан өлген», - делінген ПД таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда жыртқыштың қандай жағдайда өлгені анықталып жатыр.