Моңғолияда ертең президент сайлауы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Моңғол жұрты осымен алтыншы мемлекет басшысын таңдамақ

Фото: ашық дереккөзден

Моңғолияда ертең президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Саяси додада халық партиясының, оппозицияның, демократиялық партиясының және оңшылдар коалициясының көшбасшылары бақ сынамақ. Айта кетейік, ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырыла алмады.

Сарапшылар елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты сайлауға қатысу көрсеткіші де төмен болуы мүмкін деп топшылайды.