Бүгін Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев соңғы күндері ұсталып жатқан азаматтық белсенділерге қатысты пікір білдірді.
«Біріншіден, митингтер әлі басталған жоқ. Әкімшілік материалдар бар, сол үшін ұстадық. Бізде күнде-күнде ондай болып тұрады. Әлі 16 желтоқсан да болмады”, - деді ол.
Еске, салсақ 7-10 желтоқсан күндері Елордада бірнеше азамат жиналып, Тәуелсіздік күні өздерін қудаламауды талап еткен еді. Оларды полиция ұстады. Алматы қаласында да бір адамдық пикетке шығып, халықты 16 желтоқсанда алаңға шақырған азамат қамалған.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан