Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұрынғы Бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің жетекшісі Олеся Кексельге қатысты қылмыстық тергеудің тоқтатылғанын хабарлады.
«Кексельге қатысты тергеу қылмыстық оқиғаның жоқ болуына байланысты 5 желтоқсанда тоқтатылды. Барлық тексерулерді өткіздік, енді оның заңдылығын тексеру үшін құжаттарды прокуратураға жөнелтілді., - деді ол.
Бұдан бұрын, Сенат депутаты, бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров та істің тоқтатылғаны туралы айтқан болатын.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Олеся Кексельдің үстінен арыз түсірген кәсіпкер Кексель тергеудің түсінік беру бөлігінде тергеу әдісіне жатпайтын әдіс қолданды деп шағымданған. Бейресми дереккөздердің айтуынша, кәсіпкер қант диабетімен ауырса да, оған тергеу дәрі-дәрмегін бермеген және тамақтандырмаған.
Олеся Кексель прокуратурадағы қызметінен осы жылдың мамыр айында босатылды.
Олеся Кексель экс-премьер Серік Ахметовті, бұрынғы министрлер Жақсылық Досқалиев пен Қуандық Бишімбаевты тергеген.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан