Елордада жастар жылының жабылып, еріктілер жылының ашылуы болып жатыр
Форум бейресми форматта өтеді: Президент жастар алдында еркін сөйлеп, пікір алмасады деп күтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен форум өтіп жатқан «ArtHUB» шығармашылық бастамаларды қолдау орталығын аралап көрді. Бұл орталық бүгін ЭКСПО аумағында ашылып отыр.
Жастар форумына Қазақстанның аймақ-аймағынан бес жүзге тарта жас жиналды. Саяси элита өкілдері де осында. Атап айтсақ, форумда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, шараның ұйымдастырушысы – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтер жүр.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан