Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл жарақат алған 2 адам ауруханаға қаралды

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында бір бағытта бара жатқан 14 көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған жол апаты Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының 472 шақырымында болған. Оған қалың тұман, көктайғақ себеп болған. 

«ЖКО салдарынан жеңіл жарақат алған 2 адам ауруханаға қаралды. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына кедергі жоқ», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев. 

Осыған орай, департамент өкілдері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды, жолда аса сақ болуды ескертеді. 

«Жамбыл облысы Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» компаниясына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыста облыс жолдарында кедергілерді болдырмау жөнінде ұйғарым жіберген болатын. Аталған компания «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының Жамбыл облысы аумағынан өтетін 450 шақырым жол жағдайына жауапты», - делінген ведомство хабарламасында.