20.04.2021, 12:40
Саясат
ОСК төрағасы Тоқаевқа алдағы сайлауға қатысты дайындық барысын айтты
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды.
Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 млрд теңге қажет.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды