Өзен бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды
Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алып тасталды. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді, деп хабарлайды azh.kz.
Оның айтуынша, бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, Қиғаш өзенінің бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды.
«13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мал су ішіп, егін суару үшін өзенге шығу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін кедергі жоқ», - деді М.Мурзиев.
Еске салайық, өткен демалыс күндері Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай елдімекенінде болған оқиғаға қатысты сарапшылар пікір білдіріп, болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін делимитация жасап жатқан аймақтарда алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ескертті.