Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағалығына жаңа басшы тағайындалды 

Мемлекет басшысының жарлығымен Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы лауазымына Марат Ахметжанов тағайындалды.

Марат Мұратұлы бұған дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымын атқарды. Ол 1964 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Ақадыр ауданы Ақшатау ауылында дүниеге келген.

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев 2017 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады. 2019 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз алдына бөлек ведомство болып құрылып, Алик Шпекбаев  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін сақтап қалды.