$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 13:12
Саясат

Мәжілісмендер халықпен жаңа форматта кездесулер өткізіп жатыр

Онлайн қабылдауларда негізінен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді

Мәжілісмендер халықпен жаңа форматта кездесулер өткізіп жатыр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері Бекқали Торғаев, Жұлдыз Сүлейменова және Мәди Ахметов партияның Алматы қалалық филиалының алаңында онлайн қабылдау өткізді. Бұдан бөлек, Алматыдағы нұротандық парламентшілер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атауымен тікелей эфирлер ұйымдастырды.

Студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету, бірқатар нысандарды жекешелендіруге жол бермеу, шалғайдағы елдімекендерде жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлары, кредиттік саясат және медицина мәселелері – өтініштердің негізгі тізбесін құрады.

Мысалы, студент Сымбат Шақпақбай ауыл жастарының қоғамдық-саяси белсенділігінің төмендігі тақырыбын көтерді. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы әзірлеу және жедел енгізу ауылдық жерлерде тұратын жастардың салауатты саяси және әлеуметтік-экономикалық белсенділігіне ықпал етеді. Жастар саясатын жүзеге асыру тетіктерімен таныс мәжілісмен Мәди Ахметов қазіргі уақытта партияның Жол картасында ауыл жастарын қолдауға бағытталған нақты іс-қимыл жоспары көрініс тапқанын айтты. Сондықтан депутаттар сайлауалды уәделерін нақты іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінің бірінде «Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға көшіп келеді. Оларға жұмысқа орналасу қиын. Әрбір жас жұмыстан шықпай-ақ, мамандық пен білім алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқу жастарға тек білім ғана емес, сонымен қатар сол білімді әлеуметтік бейімделу процесінде қолдана білуге берілу керек» деді.

Осыған байланысты, партия мүшелерінің алдында маңызды міндет тұр - ауыртпалықсыз әлеуметтену процесін және ауыл жастарының қалалық ортаға әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау.

Ең жас мәжілісменнің пікірінше, бұл жергілікті атқарушы органдармен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесіп іске қосылуы тиіс.

«Бүгінгі таңда ауылдық округтерде жастардың 44%-ы тұрады. Бұл жастардың жалпы санынан бір жарым миллионнан астам адам. Алайда, сауалнама нәтижелері бойынша олардың тек үштен бірі ғана елімізде жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныс екені анықталды», - деп атап өтті Мәди Ахметов.  

Серіктес жаңалықтары