ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Олжас Жұмағұлов бұған дейін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарды
ҚР Премьер-министрінің өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Америкалық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.
2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.
2018-2019 жж. — ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі. 2019 жылдың тамыз айынан — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.