Тоқаев Берлинде Меркельмен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өткен

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинге сапары барысында Германия канцлері Ангела Меркелмен кездесті.

Екі елдің басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берген. Сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болған. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.