$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 11:16
Саясат

Қазақстан Түркия әскерімен арада маңызды заңды бекітті

Бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.  Бұл келісімге 2018 жылдың 13 қыркүйегінде Анкарада қол қойылған.

Қазақстан Түркия әскерімен арада маңызды заңды бекітті

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, Қазақстан мен Түркия үкіметтері бұған дейін әскери салада екі келісімге қол қойған. Бірақ, ол келісімдер, Қорғаныс министрлігінің зерттеуінше, шикілеу болған.

«Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ, 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери  ғылым, білім, техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді. Бірақ, бұл құжаттардың кейбір ережелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді. Оның үстіне, әскери саладағы іс-шараларды өткізу бойынша қаржылық шығыстарды қамтамасыз ету тәртібі көзделмеген. Осыған байланысты, әскери ынтымақтастық саласында жаңа келісім жасасу туралы шешім қабылданған болатын», - дейді Дәндібаев.

Ал, бүгін Сенат депутаттары қарастырған келісім «әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда, бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, әуе кеңістігі арқылы әскери мүлікті транзиттеуге, медициналық көмек көрсетуге» мүмкіндік бермек.

«Түркия армиясының әлемдегі әлеуеті мықты әскерлердің бірі екенін назарға алатын болсақ, біздің Қарулы күштеріміз Түркия Қарулы күштерінің тіәжірибесін зерделеу мен қолдану үшін ынытымақтастық тәсілдерін пайдалануға мүдделі», - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Айта кетейік, Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Қазақстаннан 200 офицер Түркияда оқыған. «Бұл әскери дайындығы өте күшті мемлекет. Түркияда теориялық және практикалық білім алған офицерлер Қазақстанның барлық әскери саласында ойдағыдай қызмет етіп жүр. Қазір Түркияда Қазақстанның 20 курсанты біліп алып жатыр», - дейді Заңды талқылауға қосылған Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Осылайша, жоғарғы палата депутаттары заңды әбден пісіп, жетілді деп, бірауыздан қабылдады. Енді бұл заң аясында екі ел әскерилері өзара оқу-жаттығу өткізіп, әскери салада ынтымақтасы жұмыс істей алады.

Серіктес жаңалықтары