Қытай елшісі қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар туыстарымен қауышу туралы өтініш білдірген

Фото: kz.china-embassy.org/

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесіп, екі ел арасындағы өзекті мәселелерді талқылады.

ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында маңызды тақырыптар көтерілген. Атап айтқанда, ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы Қазақстан азаматтарының өтініштері талқыланды.

Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.