Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жазды.

«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», - деді Президент өз жазбасында.