Сапар аясында екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың болашақ перспективасы талқыланбақ
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғыз елінің басшысы бұл сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен елдер арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың болашақ перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар, Садыр Жапаров Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминмен кездеседі. Оған қоса, сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың маңыздылығын ескере отырып, сапар барысында Қазақстанның іскер топ өкілдерімен кездесуі жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары жайында айтылды