Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы айтты
2021 жылы алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтеді

Ауыл әкімдерін сайлау туралы заң жобасы 2021 жылдың екінші жартыжылдығында дайындала бастайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Тағы бір маңызды мәселе - өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейде сайлау институтын нығайту. Әркім өзі және өзінің отбасысының болашағы үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Олардың пікірін барынша ескеру қажет», - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін сайлауды өткізу қажеттігі туралы мәлімдегенін еске салды. Содан кейін Президент бұл шара халықтың басқаруға қатысу құқығын арттыратынын атап өтті.
«Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл құжаттың жобасын болашақта реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес қарайтын болады. Ал екінші жартыжылдықта заң жобасын жасауға кідіріссіз кірісу керек», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 2021 жылы алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтеді.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан