$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 11:40
Саясат

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды

Отырыс онлайн-режимде өтіп жатыр

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Отырыс онлайн-режимде өтуде.

Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстарды, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылау жоспарланғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.

2021 жылғы қаңтарда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамының ротациясы туралы белгілі болды.

Жақында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесулер өткізді.

2019 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының төрағалығымен ҰҚСК бірінші отырысы 2019 жылғы 6 қыркүйекте өтті. Кеңестің екінші отырысы 2019 жылғы 20 желтоқсанда өтті. Сол кезде ҰҚСК мүшелерінің, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның ұсыныстарын ескере отырып, саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени жаңғырту жөніндегі маңызды мәселелер қаралды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 2020 жылғы 27 мамырда өтті.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары