$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 10:33
Саясат

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Мейіржан Юсупов бұл лауазымды 3 айдан аса уақыт атқарды

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Мейіржан Юсупов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рrimeminister.kz – ке сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. 

Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. Кейіннен «Демир Қазақстан Банк» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары