ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.