$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 18:02
Саясат

Мобильді ақша аударымдары арқылы сауда жасау, қызмет көрсету жүйесі өзгереді – Қаржы министрлігі

Бұл тек бизнес өкілдеріне ғана қатысты

Мобильді ақша аударымдары арқылы сауда жасау, қызмет көрсету жүйесі өзгереді – Қаржы министрлігі

Мобильді қосымша арқылы жасалған ақша аударымдарының арқасында бизнес өкілдерінің кейбірі нақты табысын жасырып келеді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні мобильді аударымдарды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем қабылдау кезінде кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Шағын бизнес субъектілерін үш жыл бойы табыс салығынан босатқанына қарамастан мұндай әрекеттер жиі кездесетіні жасырын емес.

«Мемлекеттік кірістер комитеті трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешімдер әзірлеп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық тек бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, оған салық салынбайды», - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеске бөлек шоттар пайдалануды ұсынады.

«Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынамыз. Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде танылуы мүмкін», - деп нақтылады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары