Президент Жаңатаста қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы бұл қайғылы оқиғаның бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия екенін айтты

 

Фото: ашық дереккөзден

Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді», - деп жазды Берік Уәли.