Елбасының тарихи сәттері: Тұңғыш Президент күніне орай видеоролик жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бейнероликті ҚР Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жариялады


Желіде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты архивтік видеолардан жасалған бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнероликті ҚР Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Бүгін Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін атап өтуде.

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.