Бұл лауазымға Маржан Әкімжанова келді
Маржан Әкімжанова Қазақстан президентінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Маржан Әкімжанованың қай саланы қадағалайтыны нақты айтылмаған. 2016 жылы Маржан Әкімжанова Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының орынбасары болды. «Құрмет» орденімен марапатталған. Ол әр жылдары ҚР президентінің баспасөз қызметінде, президент кеңсесінде қызмет атқарған.