«Ел азаматтары пандемияда екпенің аса маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын» - Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

1 ақпанда Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті ел азаматтары жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінетініне сенім білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», - деп жазды мемлекет басшысы.