Елордада аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустық пандемияға байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді

Елордадағы аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері 2021 жылдың 27 қаңтарынан 5 ақпанына дейін онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындары атқарушы органдардың жұмыстарымен танысып, қаланы дамыту және қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирустық пандемияға байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және келесі нұсқауларды орындауы қажет.

Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында көрсетіледі.