Джо Байден Ақ үйге көшер алдында көзіне жас алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін АҚШ президентін ұлықтау рәсімі өтеді

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден өзінің туған қаласы Уилмингтонда (Делавэр штаты) Ақ үйге көшуден бір күн бұрын қоштасу сөзін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Unilad-қа сілтеме жасап. 

«Бұл мен үшін өте маңызды сәт. Менің бүкіл мансап жолым, жеңістер мен жеңілістерім осы қалада өтті», - деді ол.

Өз сөзінде ол әйелі Джил Байденді алғаш осы қалада жолықтырғанын, сондай-ақ марқұм ұлы Бо Байденнің туған қаласын қалай жақсы көргендігін айтты. 

«Менде бір ғана өкініш бар: ұлымның қазір дәл осы жерде жоқтығы», - деді Байден жиналғандарға.

Сондай-ақ ол Делавэр штатын «үміт, жарық және шексіз мүмкіндіктер орны» деп сипаттады.

Бүгін, 20 қаңтарда, Байден туған қаласынан шығып, Вашингтондағы Линкольн ескерткішіне, COVID-19 құрбандары мемориалына барады. Ант беру және ұлықтау рәсімі өткен соң ол Ақ үйге көшеді.

Трамп болса, көпжылдық дәстүрді бұзып, Байденнің отбасын қарсы алмайтын болып шешті.