Н.Назарбаев Нұрлан Нығматулинді партияның Мәжілістегі фракция жетекшісі қызметіне ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейінгі шақырылымда да фракцияны басқарған болатын

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жиыны өтіп жатыр.

Жиында партия Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды. Айта кетейін, бұған дейін ол Мәжіліске төрағалық еткен болатын.

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өткен еді. ҚР Парламент Мәжілісіне «Nur Otan», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы өтті. Бүгін ОСК төрағасы жаңа депутаттарға куәлік пен осырауға тағатын белгілерін табыстады.