Үш мегаполистің мәслихатына қай партия өкілдері өткені хабарланды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы қаласы мәслихатына 4 партияның өкілдері өтті

Алматы әкімдігі, фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихатына қай партия атынан депутаттар өткені белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстанда алғаш рет мәслихаттардың депутаты пропорционалдық сайлау жүйе бойынша сайланғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті — 31 мандат:

  • «Nur Otan» - 26 мандат;
  • «Қазақстан Халық партиясы» - 2 мандат;
  • «Ақ жол» партиясы – 3.

Алматы қаласының мәслихатына төрт партия өкілдері өтті - 39 мандат:

«Nur Otan» - 29 орын;

«Ақ жол» - 4 орын;

«Қазақстан Халық партиясы» - 3 орын;

«Ауыл» - 3 орын.

Шымкент қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті - 30 мандат:

«Nur Otan» - 24 мандат;

«Ауыл» - 3 орын;

«Ақ жол» - 3 мандат.

Партияларға мәслихат мандатын иеленетін депутаттарды анықтауға 5 күн уақыт берілді.