Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда үндеу жасайды

Автор: Azattyq Rýhy

Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді

Бүгін депутаттар сайлауында дауыс бергеннен кейін ҚР Президенті сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Реформалар дайындалуда. Олар тоқтамауы тиіс. Мен 15 қаңтарда Парламентте Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді, онда реформалар бойынша маңызды мәселелер талқыланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.