Таулы Қарабақтағы жеңілістен кейін армяндардың «қаһарына» ұшыраған Үкімет басшысы COVID-19 жұқтырған
Армения Үкіметінің басшысы Никол Пашинян коронавирустық пандемияға байланысты өзін-өзі оқшаулауға кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости елдің министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Коронавирустың таралу жағдайына байланысты премьер-министр оқшаулануда», – деді баспасөз қызметі.
Министрлер Кабинетінің өкілдері Пашинянның коронавирустық инфекцияға тест тапсырғаны туралы ақпарат берген жоқ.
5 қаңтарда Армения президенті Армен Саркисянның әкімшілігі Пашинянның Лондонда екенін және одан COVID-19 анықталғанын айтты.