Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Нұрлан Ермекбаев Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелеріне қатысты шаралар туралы баяндады

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында жарияланды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен бірге Қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.