Президенттің құттықтауы Twitter-де жарияланды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.