Спикер жоспарлы оқу-жаттығу 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын айтты
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтандағы кибер жаттығудың Мәжіліс сайлауымен өзара байланысы туралы болжамдарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Цифрлық даму министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, Мәжіліс сайлауы мен оқу-жаттығудың арасында байланыс жоқ.
Спикер жоспарлы оқу-жаттығу 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын айтты.
«Бұл оқу-жаттығу жыл соңына дейін созылды. 10 қаңтарда сайлау болатыны белгілі болды. Бұл сайлауға байланысты емес. Сертификатты пайдалану заңмен бекітілген. Сертификатты қолдану біздің еліміздің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда қолданылады», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, спикер бұл оқу-жаттығуға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қандай қатысы барын да атап өтті.
«Оқу жоспарына сүйене отырып, әркімнің өз рөлі бар. «Қазақстан киберқалқаны» жүйесінде көзделген қорғау техникалық тетіктері ҰҚК мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлерін жұмылдыратын болады. Шартты бұзушының рөлін КШТТК кәсіби командасы орындайды», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсаннан бастап Қазақстанда кибер оқу-жаттығу өтеді.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан