Тоқаев Путиннің тапсырмасымен келген РФ өкілін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Дмитрий Козак – Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.