Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Жақында Президент «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойды

көрнекі сурет

24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойды.

Осыған орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

Мемлекеттік комиссия құрамына ҚР Президент әкімшілігі мен Үкімет өкілдері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мүдделі мемлекеттік ұйымдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еліміздің ғалымдары бар. Комиссия құрамына барлығы 49 адам кіреді.

Мемлекеттік хатшы сөйлеген сөзінде Мемлекеттік комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру екенін атап өтті. Материалдарға жан-жақты әрі кешенді зерделеу жүргізгеннен кейін, халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде толықтай заңды, ал жекелеген санаттарға қатысты – қуғын-сүргін құрбандарын саяси ақтау жоспарланып отыр.

Отырыс барысында мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастырудың міндеттері мен негізгі сәттері, оның 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары, қуғын-сүргін құрбандарының түрлі топтарын ақтау жөніндегі қызметті әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қуғын-сүргінге ұшыраған әр түрлі топтарды ақтау бағыттарын пысықтау үшін арнайы жұмыс топтарын құру ұсынылды. 

Отырыс қорытындылары бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы Қырымбек Көшербаев мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік комиссия қызметі мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.