03.12.2020, 11:14
Саясат
Тоқаевқа жаңа өкілеттік берілді: Сенат заңға түзетулерді қабылдады
Енді Президент республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдай алады
Фото: akorda.kz
Сенат Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттік беретін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Заң жобасында келесі түзетулер ұсынылды:
- қаладағы аудандарды елдімекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;
- халық саны 400 мыңнан асатын тұрғыны бар облыстық, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;
- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;
- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;
- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру;
- облыстық өкілді және атқарушы органдарға Үкіметке облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа өкілеттік беру;
- аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсынысты аудандық өкілді және атқарушы органдарға енгізу бойынша өкілеттік беру.
Сенаттың тұрақты комитеттерінде осы заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ. Соның нәтижесінде, Сенат депутаттары «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға түзетулерді бірауыздан қабылдады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды