Назарбаев мемлекет қайраткері Бижамал Рамазанованың туған-туыстарына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Бижамал Рамазанованың еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті

Фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бижамал Рамазанованың өзіне сеніп тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.