Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі

Фото: ашық дереккөзден

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді Америка Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.