Халықаралық ұйым Трамптың заңсыз әрекеттерін әшкере етті
ЕҚЫҰ бақылаушылары АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде өзінің қызметтік мүмкіндіктерін саяси додада бірнеше рет пайдаланды деп санайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
ЕҚЫҰ-ның бақылау миссиясының нәтижелері бойынша, республикашыл Трампқа бірнеше айып тағылды.
«Мемлекеттік және партиялық қызмет арасындағы айырмашылық әрдайым сақтала бермейді, өйткені қазіргі президент өзінің қызметтік мүмкіндіктерін сайлауда жеңіп шығу үшін бірнеше рет қолданған. Тіпті, Трамп билікті бейбіт жолмен беруден бас тартады деген ой пайда болды. Ол сайлау процесі жүйелі түрде жалған деп мәлімдеді, әсіресе пошта арқылы дауыс беруге қатысты, ешқандай дәлел келтірместен осындай мәлімдеме жасады»,- дейді бақылаушылар.
Олар «қазіргі президенттің мұндай мәлімдемелері қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретеді» деп санайды.
«Қазіргі президенттің жеке адамдарға қатысты олардың жынысы мен шығу тегі негізінде мәлімдемелерін қолдануы ерекше алаңдаушылық тудырды», - делінген хабарламада.
ЕҚЫҰ бірқатар америкалық телеарналар берген пікірлерге назар аударды. Трамп негізінен сыни баға алды, ал телеарналар Байден туралы бейтарап сөйледі.
«Ұлттық үш телеарнада (ABC, CBS және NBC) президент Трамп премьер-таймдағы саяси жаңалықтар аясында эфир уақытының сәйкесінше 63, 56 және 60 пайызын алды, көпшілігі сыни бағалаумен, ал Байден сәйкесінше, 20, 25 және 22 пайыз алды. Негізінен бейтарап тон», – делінген ұйымның хабарламасында.
«MSNBC және CNN қазіргі президентті өте жағымсыз түрде суреттеді, ал Fox News өзінің кейбір кешкі шоуларында Байденге қатысты қорлау сөздерімен ашық пікірлер айтты» деп атап өтті ЕҚЫҰ.
Сондай-ақ, ұйым үшінші партиялардың кандидаттарын негізгі хабар таратушылар елемегенін де айтты.
ЕҚЫҰ АҚШ-тағы сайлау бойынша қорытынды баяндаманы 8 аптадан кейін дайындайды.